Байланыс ақпараттары

Ұжым

Бейбит Турысбеков

Басқарма Төрағасы

Б.А.Турысбеков өзінің еңбек жолын 2004 жылы құрылған Centras Компаниялар Тобында, «Сентрас Секьюритиз» АҚ қаржы директоры лауазымында бастады.

2008 жылдан бері «Сентрас Иншуранс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Топтың Холдинг компаниясы болып табылатын «Сентрас Капитал» ЖШС Басқарушы директор лауазымында.

2011 жылы «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, аталған лауазымда 2015 жылды қоса қызмет етті.

2015 жылдан бері «Коммеск-Өмір» СК» АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің мүшесі.

Түрлі бағыттар бойынша Топтың көптеген инновациялық жобаларын табысты үйлестіре білді.

2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап - «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.

Centras Компаниялар Тобы мамандарының командасына қосылмастан бұрын, 1995-1997 ж.ж. ҚР Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп және есептілік реформалары бөлімінде жұмыс істеді.

1997 – 2004 ж.ж. «Казкоммерцбанк» ААҚ және «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ тәрізді қаржы институттарында басшылық лауазымдарда қызмет етті.

Бейбит Абдиманапович үлкен басшылық тәжірибеге, кең ауқымды білімге және қаржылық сектордың түрлі салаларындағы жоғары біліктілікке ие тұлға.

Надежда Хван

Басқарма Төрағасының орынбасары

Надежда Висраминовна Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына 01.02.2018ж. бастап тағайындалды.

Н.В.Хванға Серіктестік және брокерлік сатулар департаменті, Өңірлік даму департаменті, Интернет-жобалар басқармасы тәрізді құрылымдар бағынышты.

Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Надежда Висраминовна Басқарма мүшесі – Басқарушы директор лауазымында болды, Заң департаментінің, Өңірлік даму департаментінің жұмысына басшылық етті.

1995 жылдан бергі жұмыс аралығында ол заңгер лауазымынан Басқарушы директор, Басқарма мүшесі лауазымына дейін өсті. Ол Заң департаментінің директоры лауазымын «Коммеск-Oмiр» СК АҚ, «Сентрас Капитал» ЖШС тәрізді компанияларда атқарды, Басқарушы директор лауазымын «Коммеск-Oмiр» СК АҚ және «НТВ Медиа» ЖШС тәрізді компанияларда атқарды.

Айгуль Абдразакова

Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары

Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары лауазымында Айгуль Советовна Операциялық департаментінің, Бухгалтерлік есеп және талдау департаментінің, онымен қатар Программалау департаментінің, Жүйелік әкімшіліктендіру басқармасының, Әкімшілік басқарудың, Канцелярияның және Help Desk бөлімінің жұмысына басшылық етеді.

А.С. Абдразакованың ірі қазақстандық компанияларда үлкен (20 жылдан астам) еңбек өтілі бар, оның ішінде сақтандыру компанияларында, мысалы, «Казкоммерцполис» СК ААҚ, «Коммеск Өмір» СК АҚ тәрізді. Компанияның қаржы, бақылау және аудит құрылымдарында басқарушы лауазымдарды атқарды. «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ының Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына 2015 жылдың 1 қыркүйегінде тағайындалды.

А.С.Абдразакова 2014 жылы «Еңбек сіңірген қаржыгер» Қоғамдық орденімен марапатталды.