Байланыс ақпараттары

АҚИ АҚЖ МС

Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті түрде сақтандыру (АҚЖМ) — бұл жол полициясы қызметкерлерінің жүргізуші куәлігімен және техқұжатпен бірге міндетті түрде талап ететіндерінің бірі. 

АҚИ АҚЖ МС полисі не үшін керек?

Полис сіздің кінәңізден орын алған ЖКО салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген материалдық залалдың қайтарылуын кепілдендіреді. АҚЖМ полисі Сіздң автокөлікті қорғамайды, бірақ сіз залал келтірген тұлғаның шығынының өтелетіндігіне кепілдік береді.

АҚЖМ полисінің бағасы неге байланысты?

  • Көлікті басқару тәжірибесіне;
  • Сіздің жасыңызға және апаттардың жиілігіне;
  • Бонус-Малус санатына (Сіздің сақтандырылу тарихыңыз);
  • Тіркелген территориясына;
  • Автокөлікті қолдану мерзіміне.

АҚИ АҚЖ МС полисінің жарамдылық мерзімі

АҚИ АҚЖ МС полисінің жарамдылық мерзімі  — 1 күнтізбелік жыл немесе бірінші сақтандыру оқиғасы орын алғанға дейін.

Сақтандыру оқиғасы орын алғанда сақтандыру төлемінің сомасы қандай болады?

  • Бір көлікке келтірілген залал үшін  —600 АЕК артық емес;
  • Әрбір зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне келтірілген залал үшін — 1000 АЕК артық емес.