Байланыс ақпараттары

ЕМС

Денсаулық  — бұл біздің басты байлығымыз, егер мұны ұғынатын болсаңыз оны қорғайсыз, кез келген жағдайда Сізге білікті көмектің көрсетілетіндігіне сенімді болғыңыз келеді.

Әдетте, білікті медициналық көмек алу үшін Сіз қыруар қаражат пен уақыт жұмсауға мәжбүрсіз, жүйкеңіз де жұқарады:

  • Әрбір емдік шара үшін ақы өтеу керек;
  • Кезегіңізді ұзақ уақыт бойы күтесіз және оған тіпті жетпей де қаласыз;
  • Медицина қызметкерлері де үнемі білікті және құзырлы бола бермейді;
  • Тіркеу қызметіне қоңырау шалып, орын алған мәселе бойынша кеңес алу да мүмкін бола бермейді;
  • Медициналық жабдықтардың кемшіліктері де жиі кездеседі.

Біз Сіздің таңдауыңызға толықтай қорғалуыңызға мүмкіндік беретін және Сіздің денсаулығыңызға қатысты кездейсоқ шығындарды қамти алатын ерікті медициналық сақтандырудың 3 бағдарламасын ұсынамыз. Медициналық координаторлар қызметі Сізге денсаулығыңыз сыр бергенде кез келген уақытта жәрдем көрсетуге дайын!

Полистің ерекшеліктері

  • Медициналық қызметтер бойынша шектеме (сақтандыру сомасы) сақтандыру полисінің бағасынан 10 есе артық;
  • Отбасы мүшелерін қосуға мүмкіндігі;
  • полис тәулігіне 24 сағат бойы жарамды.

Соған қоса ең бастысы – жылына 1 рет төлем, Сіз сақтандыру полисінің бағасынан 10 есе артық медициналық қызметтер бойынша шектемені (сақтандыру сомасын) иеленесіз.

Бағдарламалар бір бірінен емханалар спектрімен және қызметтің жекелеген түрлері бойынша шектемелермен ерекшеленеді.

«Комфорт» және «Престиж» бағдарламалары бүкіл Қазақстан бойынша біздің Сақтанушыларымызға медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасалған 300 медициналық мекемелердің бірінде медициналық қызмет тұтынуды қарастырады.