Байланыс ақпараттары

«Сәби» ЕМС (1 жасқа дейінгі балалар үшін)

Сәби денсаулығы — бұл кез келген ата-ана үшін аса маңызды мәселе және Сіздің кез келген жағдайда сәбиіңізге білікті медициналық көмектің көрсетілетіндігіне сенімді болғыңыз келеді. 

Әдетте, білікті медициналық көмек алу үшін Сіз қыруар қаражат пен уақыт жұмсауға мәжбүрсіз, жүйкеңіз де жұқарады:

  • Әрбір емдік шара үшін ақы өтеу керек;
  • Кезегіңізді ұзақ уақыт бойы күтесіз және оған тіпті жетпей де қаласыз;
  • Медицина қызметкерлері де үнемі білікті және құзырлы бола бермейді;
  • Тіркеу қызметіне қоңырау шалып, орын алған мәселе бойынша кеңес алу да мүмкін бола бермейді;
  • Медициналық жабдықтардың кемшіліктері де жиі кездеседі.

Біз Сіз үшін және Сіздің сәбиіңіз үшін өте пайдалы және бірегей шешім ұсынамыз!

Ерікті медициналық сақтандырудың 1 жасқа дейінгі балаларға арналған «Сәби» бағдарламасын ұсынамыз, Сіз ең алдымен сәбиіңіздің денсаулығына қатысты сенімділікке ие боласыз!

Басқа сөзбен айтқанда, Сіздің балаңыздың денсаулығына қатысты барлық қауіптер бойынша жауапкершілікті Сіз білікті мамандардың ұжымына – «SOS Medical Assistance» медициналық орталығының біліктілігі өте жоғары мамандарына жүктейсіз, олар қиян сәттерде Сізге және Сіздің сәбиіңізге көмек көрсететін болады!

SOS Medical Assistance — бұл:

Өте білікті, мәртебелі және жетістіктерге толы тарихы бар кәсіби мамандар ұжымы.  Компанияның Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасы медициналық қызметпен айналысуға берген № 0104001 Мемлекеттік лицензиясы бар.

Ерікті медициналық сақтандырудың  «Сәби» бағдарламасы

  • медицина саласының үздік мамандары;
  • аса қымбат диагностика әдістеріне қол жетімділік;
  • дәрігерді шақырту, кеңес алу – тәулігіне 24 сағат;
  • кезек жоқ, қабылдауға жазылу мен қабылдау диспетчерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның құны 177 000 теңге.
Сақтандыру сомасы 1 000 000 теңге.
Сақтандырудың жарамдылық мерзімі баланың жасы 1 толғанша.

Медициналық сақтандыру қалай жұмыс жасайды?

Егер аталмыш қызметті тұтынған болсаңыз сақтандыру сомасы кему ретімен өзгереді. Мысалы: Сізде медициналық қызметтер бойынша шектем (сақтандыру сомасы) 500 000 теңге делік. Сіз стоматологиялық қызметке 10 000 теңге және дәрі-дәрмекке 10 000 теңге жұмсадыңыз, сондай-ақ стационарлық емге 50 000 теңге кетті. Сізде  430 000 теңге қалады — 500 000–10 000–10 000–50 000=430 000.