Байланыс ақпараттары

Двухсторонка

Енді Сізге «мәселені орнында шешуге» жеке қаражатыңызды жұмсап, жүйкеңізді жұқартудың қажеті жоқ.

Бағдарламаның мәнісі

Сақтандырылған тұлғаның кінәсіне қарамастан төлемді жылдам беру.

Егер шағын ЖКО орын алған болса (200 000 теңге көлеміндегі залал), «Қос тараптық» бағдарламасын пайдаланыңыз, сонда «Сентрас Иншуранс» Сіз үшін барлығын жылдам арада шешіп береді!

«Қос тараптық» сақтандыру бағдарламасына енеді:

  • Сіздің автокөлігіңіздің 100 000 теңге көлемінде сақтандырылу төлемі (КАСКО);
  • 3 - тұлғалар алдындағы жауапкершілікті 100 000 теңге көлемінде қамтиды (АҚЖЕ).

«Қос тараптық» сақтандыру бағдарламасының артықшылықтары

  • ЖКО орын алған жерде апаттық комиссар құжаттарды жол полициясынсыз және сотсыз жылдам ресімдейді;
  • Екі тарапқа да төлем жылдам беріледі, 3 банктік күн ішінде;
  • Міндетті сақтандыру (АҚЖМ) қатыстырылмайды, «Бонус-Малус» жүйесіндегі сақтандыру оқиғасы ескерілмейді;
  • франшизасыз.

Сақтандыру бағдарламасының құны

Кез келген сақтандыру Компаниясының КҚИ АҚЖ МС қолданыстағы полисі болғанда/болмағанда — 15 900 теңге.  kupipolis.kzарқылы тапсырыс берілетін болса— 14 310 теңге.

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Мысал №1:шағын ЖКО орын алды, өкінішке орай Сіз кінәлісіз. Егер Сіз «Қос тараптық» сақтандыру бағдарламасының иегері болсаңыз, онда «Сентрас Иншуранс» Сізге де (біздің клиент) және зардап шеккен тұлғаға да 100 000 теңге көлеміндегі (Сіздің көлік) және қосымша 100 000 теңге (зардап шегушінің көлігі) мөлшеріндегі төлемді береді.

Мысал №2:шағын ЖКО орын алды, Сіз кінәлі емессіз. Егер Сіз «Қос тараптық» сақтандыру бағдарламасының иегері болсаңыз, онда «Сентрас Иншуранс» Сізге КАСКО бөлімі бойынша шығынды (демек Сіздің көлікке келтірілген залал) 100 000 теңге көлемінде өтейді.

Қолданылатын территориясы

Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Атырау қалаларының әкімшілік шекаралары. Аталған қалалардың кез келгенінде сатылып алынған «Қос тараптық» бағдарламасы аталған қалалардың барлығында жарамды. 

Назар аударыңыз, бағдарлама жоғарыда аталған қалалардың әкімшілік шекараларында ғана жарамды, егер де  ЖКО қала сыртында орын алса, мысалы, халықаралық тас жолда, онда мұндай жағдай үшін «Қос тараптық» бағдарламасы қолданылмайды.

ЖКО орын алғанда 7072 (кез келген ұялы байланыс операторынан тегін) нөміріне қоңырау шалыңыз. Сіздің апаттық комиссар келеді, залалды бағалайды, құжаттарды ресімдейді, осыдан соң Сіз біздің кеңсеге келіп, өтініш жазасыз.  3 жұмыс күні ішінде біз Сізге төлем береміз.