Байланыс ақпараттары

«Миллион+» АҚЖЕ

Көлікті міндетті сақтандыру (АҚЖМ) Сіз келтірген нұқсан (үшінші тұлғаға) көлемін 600 АЕК немесе 1 038 600 теңге көлемінде ғана жабады. Келтірілген залал көлемі АҚЖМшектемесінен (1 038 600 теңгеден) артық болған жағдайда кінәлі тұлға жетпеген қаражатты өз қалтасынан төлеуге міндетті болады, ал бұл қолайсыз.

Осы мәселені ескере отырып «СентрасИншуранс» Компаниясы Сізді кездейсоқ шығындардан қорғау үшін арнайы әзірлеген «Миллион +» бағдарламасын қуана ұсынады.

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Мәселен, Сіз кінәлі тарап болып табылатын ЖКО орын алды делік, келтірілген залал көлемі 1 500 000 теңге болсын. Міндетті сақтандыру бойынша (АҚЖМ) сақтандыру Компаниясы зардап шеккен тарапқа 1 038 600 теңге өтейді. Соманың қалған айырмашылығын (461 400 теңгені) ЖКО кінәлі тұлға өзінің жеке қаражатынан төлеуге мәжбүр.

«Миллион +» бағдарламасымен Сіз мұндай жағдайда келтірілген залал көлеміне ойлап, басыңызды қатырмайсыз, себебі ЖКО кезіндегі жауапкершіліктің жалпы шектемі Сізде 2 038 600 теңге болады!

АҚЖМ міндетті сақтандыруына қосымша «Миллион +» не үшін сатып алуым керек?

«Миллион +» бағдарламасының құны минималды бола отырып ЖКО кінәлі тұлғаның жауапкершілік шектемін тағы бір миллион теңге қоса отырып толықтырады. Егер Сіз келтірген залал АҚЖМ шектемінен артық бағаланған болса, онда «Миллион +» бағдарламасы 1 000 000 теңге мөлшеріндегі барлық қосымша шығындарды қамтитын болады. АҚЖМ – 1 038 600 теңге + «Миллион Плюс» – 1 000 000 теңге = 2 038 600 теңге.

Егер мен «Миллион +» бағдарламасын сатып алатын болсам және ЖКО үшін кінәлі деп танылатын болсам сақтандыру Компаниясы менің көлігімнің қалыпқа келтірілуі бойынша шығындарды өтей ме?

Жоқ. «Миллион +» бағдарламасы АҚЖМ сомасына қосымша резерв болып табылады және АҚЖМ бойынша сома жеткіліксіз болған жағдайда ЖКО салдарынан зардап шеккен тұлғаға ғана беріледі. Бізде Сіздің жеке көлігіңізді қалыпқа келтіруге арналған  «САҚТА» КАСКО бағдарламасы бар.

«Миллион +» бағдарламасы бойынша қандай да бір жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар бар ма?

Иә. Арнайы ұсыныс қарастырылған. Бағдарламаның бағасы — 6 000 теңге. АҚЖМ бағдарламасын «Миллион +» жиынтығымен бірге ала отырып Сіз «Миллион +» бағдарламасына кепілдендірілген жеңілдікке ие боласыз, сонда оның бағасы небары 3 000 теңге болады.

3 000 теңге төлей отырып Сіз АҚЖМ сақтандыруыңызға қосымша миллион алатын боласыз.