Байланыс ақпараттары

Компания бастамалары

«24»қараша  2011

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Үсенов «Коммеск-Өмір» СК» АҚ ұйымдастырған «Қазақстандық бизнеске 20 жыл: қателікпен жұмыс» атты дөңгелек үстелге қатысты.

«20»қараша  2012

Бүкіл Қазақстан бойынша өткізілген «Жолда жүру қауіпсіздігі апталығы» акциясы төңірегінде «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясының қызметшілері Көкшетау қаласындағы «Жұлдыз» балабақшасында және № 12 мектебінде болды. «Сентрас Иншуранс» Кмоапниясының қызметшілері Көкшетау қаласының жол полициясы өкілдерімен және ҚЖИ (қозғалыстың жас инспекторлары) бірлесе отырып «Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбына қойылым әзірледі. Барлық балалар «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясының естелік сыйлықтар мен Компания мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арнайы дайындаған жолда жүру ережелерінің Комикстерін алды.

«6» қазан 2011

Алматыда халықаралық мүгедектер күніне орайластырылып мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мини-футболдан балалар турнирі өткізілді. Футбол алаңында үздік топ атағын алу үшін тер төккен ондаған бала жиналды. «Сентрас Иншуранс» футбол тобы да спорттық турнирге қатысты. Мұндай турнирлер Қазақстанда бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ, мақсаты мүгедек балалардың спорттық сауықтырылуы. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы бұл спорттың шараның Бас демеушісі болды. 

«15» қыркүйек 2011

Бірегей әлеуметтік «Біздің балалар» акциясы басталды. Акция төңірегінде кез келген қазақстандық өзінің баласын жазатайым оқиғадан сақтандыру келісім-шартын тегін ала алады және ерікті сақтандыру бағдарламаларына жеңілдіктер сертификатын иелене алады.

«27» мамыр 2011

«Сақтандыру нарығының болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оған Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының, Қазақстан сақтандырушылары Ассоциациясының өкілдері, сондай-ақ республиканың көптеген сақтандыру ұйымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар дөңгелек үстелге  «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Үсенов қатысып, қатысушыларды қалыптасқан жағдайдың болашақтағы бағдарларымен таныстырып өтті.

«6» мамыр 2011

Алматыдағы оқушылар Сарайында жолда жүру ережелері бойынша балалар байқауы өткізілді. Байқау алматы қаласының жол полициясының ұранымен өтті. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы балалар байқауының демеушілерінің бірі ретінде қатысып, балаларға бағалы сыйлықтар ұсынды.

«19» қараша  2010

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Құрылыс отрядшыларының одағы» қоғамдық Бірлестігінің стратегиялық серіктесі ретінде студенттік құрылыс отрядтарының пайда болған уақытына 50 жыл толуына арналған «Қазақстан — құрылыс отрядтарының Отаны» кітабының жарық көруіне демеушілік көрсетті.

«21» тамыз  2010

Қапшаға су қоймасында спорттың экстремалды түрінен «QFest» чемпионаты өтті. 50 жуық спортшы трамплиндерден велосипедпен және шаңғымен секіруден сайысқа түсті. Қазақстандық спортты қолдау бойынша әлеуметтік саясатқа сәйкес  «Сентрас Иншуранс» Компаниясы «QFest» фестивалінің ресми сақтандырушысы болды. Компания әрбір спортшыны қомақты сомаға сақтандырды, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетті.

«4» шілде 2010

Биік тау шатқалындағы Шымбұлақ шипажайында таудан жоғары жылдамдықта велосипедпен түсі бойынша «DOWNHILL» Алматы қалалық Чемпионатының 1-кезеңі өтті. Чемпионат 4 кезеңнен тұрады, әрқайсысы үнемі өзгеріп отыратын әр түрлі жолдарда өткізілді. Шара барлық велосипедшілер үшін жаздың ең елеулі оқиғасына айналды. «Сентрас Иншуранс»  Компаниясы шараның ресми сақтандырушысы болды және әрбір қатысушыны жазатайым оқиғадан 1 миллион теңгеге сақтандырды.

«1» шілде 2010

Қазақстанның астанасы Астана қаласында Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Тимур Бекмамбетов ұйымдастырған жыл сайын өткізілетін Халықаралық кинофестиваль бірінші жыл өткізілді. Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға Астанаға дүниежүзілік кино жұлдыздарының, танымал әртістердің, режиссерлердің, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің, продюсерлер мен ықтимал инвесторлардың басын қосқан нағыз кино мерекесін сыйлады.  «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ кинофестивалдің ресми сақтандырушысы болды. Компания кинофестиваль жабдықтарын, фильм көшірмелерін, сондай-ақ кейбір шақыртылған жұлдыздарды сақтандырды. 

«14» маусым 2010

Алматыда АҚШ пен Қазақстан арасында мемлекеттік-жеке серіктестік (PPEPI) құру бастамасы бойынша кездесу өтті. Шараны Америка Сауда Палатасы мен USAID ұйымдастырды. Кездесуде Қазақстанның қаржы нарығының болашақтағы мүмкіндіктері талқыланды.  «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Үсенов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ҚР сақтандыру нарығына шолу жасап, саланың проблемаларымен және мүмкіндіктерімен таныстырды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның сақтандыру саласы қаржылық дағдарыстан мойымай өтті және даму қабілеті өте зор.

«5» маусым 2010

Боралдай әуежайының территориясында дүркіреген автошоу өтті —  Dragracing.kz жобасы «Upgrade Auto Show» бірлесті. Көптеген тамашалаушылар ең эксклюзивті және әдемі автокөліктерді өз көздерімен көріп қана қоймай, Қазақстандағы ең үздік драгрейсерлердің бәйгесін де тамашалай алды. Шараның демеушісі «Сентрас Иншуранс» Компаниясы болды.

«30» қыркүйек 2009

Алматылық 50 жуық байкерлер барлық жұмыстарын кейінге қалдырып, осы күнді кішкентай жалғыз бастыларға – балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне арнады. Байкерлер өздерімен бірге көптеген сыйлықтар — ойыншықтар мен тәттілер әкелді. Балалар алғыс ретінде би билеп, ән салып, өз концерттерін қойды. Содан соң байкерлер балаларды асқан абайлықпен мотоциклдерге отырғызып, аулада серуендетті. Балалардың таңданысында шек болмады!

Аталмыш акцияға «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ зор үлес қосты. Компания қызметкерлері жинаған қаражатқа бірнеше компьютер, балаларға арналған киім-кешектер мен ойыншықтар сатылып алынды.

«20» қыркүйек 2009

Америкалық Сауда Палатасы мен «HSBC» банкі бірлесіп ұйымдастырған теннистен қайырымдылық турнирі өтті. Қайырымдылық акциясының мақсаты №4 нашар көретін және зағип балалардың №1 құлағы естімейтін балалардың мамандандырылған мектеп-интернаттарында тәрбиеленуші балалар үшін қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алуға қаражат жинау болатын.  «Сентрас Иншуранс» Компаниясы осы қайырымдылық жобасының демеушісі және қатысушысы болды. 

«6» қыркүйек 2009

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Халықтар достастығы 2009» автошеруінің серіктесі болды.  «Халықтар достастығы 2009» автошеруі  Дакар «Silkway Rally 2009» топтамасының Volkswagen Motorsport  тобы Volkswagen Touareg раллилік автокөліктерімен қатысқан раллиімен сабақтастырылған болатын. Ралли жолы Қазақстанның территориясы арқылы да өтті, Оралда, Бейнеуде және Жаңаөзенде тоқтау бекеттері болды. Сондықтан раллиге қолдау ретінде мәресі Оралда болған автошеру ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, ол жерге қатысушылар «6» қыркүйекте келді.

Қазан 2009

Қазақстан спортын дамыту Қоры «Сентрас Иншуранс» Компаниясының қолдауымен қазақстандық топтардың Африка құрлықтарының құрамасымен болған бірнеше футбол матчтарын өткізді. Бұл жоба футболдан өтетін Дүниежүзілік 2010 Чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылған болатын, ол тарихта алғаш рет Африкада өткізілді. Қазақстандық топтар мен африкалық құрама арасында болған футбол матчтары 2009 жылдың маусым айынан бастап қазан айына дейінгі аралықта республикамыздың барлық ірі қалаларында өткізілді. 

«5» маусым 2009

Алматыда автокөлік тюнингі бойынша ұмытылмас автошоу өтті. Бұл күні көрермендерге ең керемет Алматылық автолар ұсынылды. Көздің жауын алатын аэрография, салондардағы ауызды аштырардай инсталляция, шалқаңнан түсіретін тюнинг және құлақты бітіретін дыбыс — осының барлығын әр ниетті адам тамашалай алады. Жеңімпаз «Сентрас Иншуранс» Компаниясынан бағалы сыйлық алды.

«11» наурыз 2009

Алматыда кәсіби бокс бойынша «Қазақстан ТМД елдеріне және алыс шетелдік мемлекеттерге қарсы» сериялар төңірегінде ұйымдастырылған екінші халықаралық матч болып өтті. Тер төгілген күрделі текетіресте спортшыларымыз еліміздің намысын қорғап, даусыз жеңіске жете отырып абыройымызды асқақтата түсті!

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы осы спорттық мерекенің демеушісі болды. Сонымен қатар көрермендер арасында ұтысқа тігілген автокөлікті сақтандырды.

«4»маусым 2009

«Табаған» спорттық-ойын-сауық кешенінде көлемді «Mercur Open Cup» экстрим-чемпионаты өткізілді. Осы күрделі турнирге ондаған спортшы қатысты, олар триатлон, трамплиннен секіру, велосипедпен жарысу, тау шаңғысы, жүзі, тіпті  армрестлинг бойынша да бақ сынасты. Барлық атлеттер жеңіске деген ұмтылысы мен жүгіру, велосипедпен жарысу және жүзу сияқты спорт түрлерінен шеберліктерінің жоғары екендіктерін көрсетті. 

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Mercur Open Cup» чемпионатының демеушісі болды. Жарыстарға қатысқан әр спортшы 1 миллион теіге көлеміндегі сақтандыру қорғанысына ие болды. Ал жеңімпаздар «Сентрас Иншуранс» Компаниясынан бағалы сыйлықтарды иеленді. 

Спорттық шаралар барысында 8 сақтандыру оқиғасы орын алды және сынақтардың күрделі кезеңдерінде жарақаттанған спортшылардың барлығына  200 мың теңгеден астам төлем берілді.

«28» тамыз 2008

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы Қазақстанның дельтапланеризм бойынша ашық Чемпионатының демеушісі және сақтандырушысы болып танылды. Қазақстандық дельтапланеристшілер клубының әрбір спортшысы жарыстар кезінде болуы ықтимал жарақаттар бойынша сақтандыру төлемінің берілуін кепілдендіретін сақтандыру полистерін иеленді. 

«1» маусым 2008

«Эдьдани» орталық даму Қоры мен NAYADA компаниясы Арбатта «Шеберлер қаласы» жобасының тұсаукесерін өткізді, аталған жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына және оларға қолдау көрсетуге арналған. Шараның ресми сақтандырушысы «Сентрас Иншуранс» Компаниясы болды, сонымен қатар «Эльдани» орталық даму Қорына балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік шараны өткізуде демеушілік көрсетті.

«26»сәуір 2008

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚҚазақстанда 1-рет өткізілген  Дрифт және тюнинг Фестиваліне демеушілік көрсетті. Фестиваль өте қызықты және есте қаларлықтай болды, танымал BMW, SUBARU, TOYOTA сияқты және басқа да модельдерінің ұсынылған спорттық үлгілеріне жасалған сапалы аэрографияның молдығы көңілге толымды болды.