Байланыс ақпараттары

Жүктер

Темір жол, автомобильдік, әуе және теңіз, өзен көліктерінің барлық түрлерімен және көліктің басқа да түрлерімен, Сақтанушыға (Сақтандырылғанға) иелік ету құқығы немесе басқа да негізде тиесілі құбыр арналары мен басқа да коммуникацияларды қоса алғанда, тасымалданатын жүктің барлық түрлері сақтандырылады. 

Сақтандыру келісім-шартының төмендегі негіздердің біріне сүйене отырып жасалуы мүмкін:

  • барлық тәуекел бойынша жауапкершілікпен
  • жеке апат бойынша жауапкершілікпен
  • зақымдану бойынша жауапкершіліксіз, апатты жағдайларды санамағанда

Бірінші жағдайда мүлік иелеріне сақтандыру келісім-шартында тікелей қарастырылатын нақты жағдайларды ескермегенде кез келген себеп бойынша туындайтын жүктің немесе оның белгілі бөлігінің зақымдануы немесе толықтай жойылуы салдарынан орын алатын шығын қайтарылады. 

«Жеке апат бойынша жауапкершілікпен» сақтандыру барысында Сақтандырушы жүктің немесе оның белгілі бөлігінің зақымдануы немесе толықтай жойылуына байланысты орын алатын шығынды тек қана найзағайдың, дауылдың, табиғи апаттардың, көлік құралдарының соқтығысуы немесе апатының салдарынан пайда болатын түрлі апаттық жағдайларда, жазатайым оқиғадан, жүкпен бірге көлік құралының ізсіз жоғалуынан болатын өтейді. 

«Зақымдану бойынша жауапкершіліксіз, апатты жағдайларды санамағанда» сақтандыру барысында жүктің зақымдануынан орын алатын шығын өтелмейді, ал шығын тек қана жүк немесе оның белгілі бөлігі толықтай жойылғанда беріледі.  Мысалы, егер теңізбен жүріп өту барысында танкер тесіліп, мұнай ағып кететін болса төлем беріледі, ал егер жанармай құйылған ыдысқа көп мөлшерде су кіріп кететін болса - өтелмейді.

Шығынды өтеуден басқа барлық үш жағдайда да Сақтандырушы сақтандырылған жүктің иелеріне жүктің аман қалған бөлігін құтқаруға қатысты шығындарды өтейді. 

Әдетте, сақтандыру қорғанысы жүкті тасымалдаудың барлық уақыты бойы жарамды, жөнелтілетін орындағы қоймадан жүк қабылданып алынған уақыттан бастап барлық тасымалдау бойы жалғасады (қайта арту және арту бекеттерінде қайта артуды, артуды және уақытша сақтауды қоса алғанда) және жүкті алушының қоймасына жүк толық қабылданып алынғанда немесе сақтандыру Келісім-шартында көрсетілген жеткізу орнына жеткізілгенде тоқтайды. 

Келісім-шартты жекелеген тасымалдауға да, ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылатын барлық жүк тасымалдарына да жасауға болады. 

Сақтандыру сомасы жүктің іс жүзіндегі нақты нарықтық құны бойынша анықталады. 

Өзіндік бағасынан басқа сақтандыру сомасына жүкті тасу (фрахт) мен сақтауға жұмсалатын шығындарды қосуға болады.  Бұл жүк құнына қосымша 10%.

Жүкті сақтандыру кезіндегі тарифтік мөлшерлемелер тасымалдау шарттарына, Сақтандырушының жауапкершілігінің көлеміне, көліктің түріне, жүктің номенклатурасына, жолдың ұзақтығына және объективті қауіптерге, қайта артудың, артудың және уақытша сақтаудың қажеттілігіне байланысты анықталады.