2011 жылғы 24 қарашада «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы «Коммеск-Өмір» СК» АҚ ұйымдастырған «қазақстан бизнесіне 20 жыл: қателіктермен жұмыс жасау» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты
2011 жылғы 6 қазанда халықаралық мүгедектер күніне мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар арасында футболдан шағын жарыс өтті. Футбол алаңында бірнеше балалар бақ сынасып, сайысқа түсті. «Сентрас Иншуранс» футбол командасы да спорт жарысына қатысты. Қазақстанда мүгедек балаларды сауықтыру мақсатындағы мұндай турнирлер бірінші жыл өтіп тұрған жоқ. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы аталған спорт мерекесінің бас демеушісі болды.
2011 жылғы 15 қыркүйекте «Біздің балалар» атты бірегей әлеуметтік акция қолданысқа енгізілді. Акция аясында кез-келген қазақстандық азамат өз баласын жазатайым жағдайдан ерікті сақтандыру шартын тегін алатын болады және оған қоса ерікті сақтандыру бағдарламаларына жеңілдік беретін сертификатты сыйға алады. Акция 2011 жылғы 30 қарашаға дейін жалғасады.
2011 жылғы 15 қыркүйекте авто иелеріне арналған «Екі жақты қорғаныс» акциясы қолданысқа енгізілді. Акция аясында авто иелерінің жауапкершілігін міндетті сақандыруды жүзеге асырған кезде, қалауынша «50х50» немесе «90х60х90» авто иелерін сақтандырудың кешенді бағдарламаларының біреуін жеңілдікпен, не «Авто-Лимит» бағдарламасын тегін алады (тек Алматы және Астана қалаларында). Акция мерзімі - 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
2010 жылғы 19 қарашада «Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Құрылыс жасақтары одағы» Қоғамдық бірлестігінің стратегиялық серіктесі бола отырып, студентттік құрылыс жасақтарының 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан - құрылыс жасақтарының отаны» атты кітаптың жарық көруіне үлес қосты.
2010 жылғы 21 тамызда Қапшағай су қоймасында «QFest» экстремалды чемпионаты өтті. 50-ге жуық спортшылар велосипедпен және шаңғымен трамплиннен секіруден бақ сынасты. Қазақстан спортын қолдайтын әлеуметтік саясатқа сәйкес «Сентрас Иншуранс» Компаниясы «QFest» фестивалінің ресми сақтандырушысы болды. Компания әрбір спортшыны ірі сомаға сақтандырумен қатар, оларға медициналық қызмет көрсетті.
2010 жылғы 27 маусымнан бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде Қазақстанның елордасы Астана қаласында Әкімшіліктің қолдауымен Тимур Бекмамбетов ұйымдастырған алғашқы жыл сайынғы Халықаралық кинофестивалі өтті. Ұйымдастырушылар Елордамызда әлемдік кино жұлдыздарының, танымал әртістер, режиссерлер, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, продюссерлер мен әлеуетті инвесторлардың басын қосып, қазақстандықтарға нағыз кино мерекесін тарту етті. «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ кинофестивальдің ресми сақтандырушысы болды. Компания фестиваль жабдықтарын, фильмдердің көшірмелерін, сондай-ақ шақырылған жұлдыздарды сақтандырды.
2009 жылғы 30 қыркүйекте 50-шақты алматылық байкерлер барлық шаруаларын кейінге қалдырып, осы күнді балалар үйінде және мектеп-интернатта тәрбиеленіп, өсіп келе жатқан кішкене бүлдіршіндерге арнады. Байкерлер өздерімен бірге көптеген сыйлықтар, ойыншықтар мен тәттілер ала келді. Ал балалар тамаша концерт ұйымдастырып, би билеп, ән салып өз алғыстарын білдірді. Содан кейін, байкерлер балаларды мотоциклдеріне мінгізіп алып, аула ішінде қыдыртты. Балалардың қуанышында шек болған жоқ. «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ да қолынан келгенше көмек көрсетті. Компанияның қызметкерлері жинаған қаражатқа бірнеше компьютер, балалар киімдері мен ойыншықтар сатып алынды.
2009 жылғы 20 қыркүйекте Америка Сауда Палатасы мен «HSBC» банкінің ұйымдастыруымен теннис бойынша қайырымдылық турнирі өтті. Қайырымдылық акциясының мақсаты соқыр және нашар көретін балаларға арналған №4 және керең балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаттарының балаларына қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу болды. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы қайырымдылық жобаға қатыса отырып, оған демеушілік көрсетті
2009 жылғы 4-6 қыркүйекте Сентрас Иншуранс Компаниясы «Халықтар достастығы 2009» автосайысына серіктес ретінде шықты. «Халықтар достығы 2009» автосайысы Volkswagen Touareg ралли автомобильдерімен Volkswagen Motorsport командасы қатысқан «Silkway Rally 2009» Дакар сериясы автомобильдер жарысына тұспа-тұс келді. Ралли сапар желісі Орал, Бейнеу және Жаңаөзен елдерінде аялдай отырып, Қазақстан аумағын да басып өтетін болды. Соған орай, осы жарысты қолдау үшін автосайыс ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, сайыскерлер 6 қыркүйекте межелі жер Орал қаласына барды.
2009 жылдың маусым-қазан айларында Қазақстан Спортын дамыту қоры «Сентрас Иншуранс» Компаниясының қолдауымен қазақстан командалары мен Африка контингетінің құрамасы арасында футбол матчтарын өткізеді. Бұл жоба тарихта алғаш рет Африкада болатын Футбол бойынша 2010 Әлем Чемпионаты қарсаңында өтеді. 2009 жылдың маусым айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде Қазақстан командалары мен африка құрамасының арасындағы футбол матчы республикамыздың барлық ірі қалаларында болады.
2009 жылғы 5 маусымда Алматыда автомобиль тюнингінің естен кетпес көрмесі өтті. Дәл осы күні көрермендерге Алматыдағы ең cәнді автомобильдердің көрсетілімі ұсынылды. Көркем аэрография, машина салонының адам нанғысыз көркемделуі, таңғаларлық тюнинг пен құлақ тұндырар дыбыстарды көңілі қалаған барлық көрермен тамашалады.
Жеңімпаз «Сентрас Иншуранс» Компаниясынан бағалы сыйлықтар алды.
2009 жылғы 11 наурызда Алматыда «Қазақстан ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттеріне қарсы» сериясы аясында кәсіби бокстен екінші халықаралық матчы өтті. Табан тірескен күресте біздің спортшыларымыз еліміздің абыройын қорғап, жеңіске жетті! «Сентрас Иншуранс» Компаниясы осы спорт мерекесінің демеушісі болды. Сондай-ақ, көрермендер арасында ойнатылған автомобилді сақтандырды.
2009 жылғы 30 тамыздан бастап 4 шілде аралығында «Табаған» спорт ойын-сауық кешенінде «Mercur Open Cup» чемпионаты өтті. Он шақты спортшы осы күрделі додаға қатысып, триатлон, трамплиннен секіру, велосипедпен жарысу, жүзу, армстерлинг секілді түрлі сайыстарда бақ сынасты. Барлық атлеттер жүгіру, велошеру және жүзу сайыстарында өздерінің жеңіске жетудегі ептіліктері мен ерік-жігерлерін көрсете білді.
«Сентрас Иншуранс» компаниясы «Mercur Open Cup» чемпионатының демеушісі болды. Додаға қатысқан әрбір спортшы 1 миллион теңгеге сақтандырылды. Ал, жеңімпаздар «Сентрас Иншуранс» Компаниясынан бағалы сыйлықтар алды.
Спорт сынағы кезінде 8 сақтандыру жағдайы орын алды, ал, ауыр жарақат алған спортшыларымызға 200 мың теңгеден артық төлем жасалды.
2008 жылғы 28 тамызда «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы Дельтапланеризм бойынша Қазақстанның Ашық Чемпионатына демеушілік көрсетумен қатар, сақтандырушысы болды. Қазақстан дельтапланеристер клубының әрбір спортшысы жарыс кезінде алған жарақаттарына қарай сақтандыру өтемімен қамтамасыз ететін жазатайым жағдайдан сақтандыру полисіне ие болды.
2008 жылғы 1 шілдеде «Эльдани» орталық дамыту қоры мен NAYADA-Алматы компаниясы Арбаттың бойында мүмкіндіктері төмен балаларды дамытуға және қолдауға бағытталған «Шеберлер қаласы» атты жобаның тұсаукесерін өткізді. «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы осы шараның ресми сақтандырушысы болумен қатар, «Эльдани» Орталық дамыту қорына балаларды қорғау күніне орайластырған меркесін өткізуде демеушілік көмек көрсетті.
2008 жылғы 26 сәуірде «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Қазақстанда өткен алғашқы Дрифт және Тюнинг фестиваліна демеуші болып қатысты. Фестиваль әсерлі көріністерге толы болды. BMW, SUBARY, TOYOTA секілді т.б. танымал маркалардың спорт автомобильдерінде өрнектелген сан-алуан сапалы аэрографиялар қуанышқа бөледі. |