«ДОМашний УЮТ» - іскер клиенттерге арналған бағдарлама. Мұнда тек ішкі және сыртқы өңдеу ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық техника, жиһаз бен бұйымдар секілді үй мүліктерінің де зақымдалуының нәтижесінде шығындар өтеледі.
«ДОМашний УЮТ» бағдарламасы бойынша сақтандыру полисі Сіздің мүлкіңізді мынадай тәуекелдерден:
1) өрт, тұрмыстық мақсатта пайдаланылған газдың жарылуы;
2) су жүргізетін, канализация, жылыту немесе өртке қарсы жүйелерінің авария болуы, көрші үй-жайлардан судың жайылуы;
3) үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (вандализм, бұзақылық, ұрлауды қоспағанда, мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру);
Сақтандыруға үй-жай тексерілместен, көлемі 150 шаршы метрге дейінгі тұрғын үйлер мен пәтерлердің ішкі өңдеулуі;
1) қабырғалар (есік-терезелермен қоса) төбелер, едендердің ішкі және сыртқы өңделуі
2) үй мүлкі (тізімге сай) қабылданады.
Сақтандыруға көнерген және қамыстан жасалған каркасты үйлер қабылданбайды.
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ
1. Үй-жайдың ішкі және сыртқы өңделуі – Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі:
1) Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін – жалпы көлемі 1 шаршы м. үшін 30 000 теңге;
2) барлық басқа қалалар мен елді мекендер үшін – жалпы көлемі 1 шаршы м. үшін 20 000 теңгеден аспауы тиіс.
2. Үй мүлкі (электр құралдары, аудио-, видеотехника, жиһаз) Сақтандыру шартын жасасу кезіндегі жылжитын мүліктің құны мөлшерінде (тізімде сақтандырылған мүліктің атауы мен құнын көрсету керек). Бұл ретте, егер сақтандырылған мүліктің жалпы құны 1 500 000 теңге болса, онда тізімге сақтандыруға тиесілі барлық мүлік енгізіледі, бірақ сақтандыру сомасы 1 500 000 теңге мөлшерінде белгіленеді.
1) Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін – 37 000 теңге;
2) барлық басқа қалалар мен елді мекендер үшін – 22 500 теңге.
Сақтандыру сыйлықақысы бір жолғы төлеммен, бірақ Сақтандыру шарты қолданысқа енген күннен кешіктірілмей төленеді.
Бағдарламаның талаптары бойынша шартсыз франшиза қолданылады:
1) зақымдалған кезде – сақтандыру сомасынан 1% мөлшерінде, бірақ кемінде 15 000 теңге.
2) толық жойылған кезде – сақтандыру сомасынан 5%.
Шарттың қолданысы - 12 ай.
Сақтандыру шарты алғаш туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап өз қолданысын тоқтатады.
1) Үй-жайдың ішкі өңделуі үшін сақтандыру төлемі Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін нақты залал мөлшерінде, бірақ 1 шаршы метрге ең көбі 30 000 теңге, ал барлық басқа қалалар мен елді мекендер үшін 1 шаршы метрге ең көбі 20 000 теңге бойынша жүзеге асырылады.
2) Сақтандырылған жылжитын мүлік үшін Сақтандыру төлемі тізімде көрсетілген зақымдалған не жойылған мүліктің нақты құнының мөлшерінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, жалпы сақтандыру төлемі 1 500 000 теңгеден аспауы тиіс. |