Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Branches


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Авто иелерінің АҚЖ

clip

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырылады.

Бір сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) Міндетті сақтандыру заңына сәйкес белгіленеді және мыналарды құрайды (АЕК-пен):

1) Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

- Қайтыс болуына-1000.

- Мүгедектің:

I тобы белгіленуіне-800;

II тобы белгіленуіне-600;

III тобы белгіленуіне-500;

мүгедек балаға – 500;

- мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де бұзылуына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемнің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 2 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс;

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;

3) екі не одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2 000-нан аспауға тиіс. Зиян көлемі Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері көлік құралының түріне, тіркелген жеріне, пайдаланылу мерзіміне, сондай-ақ Сақтанушының (Сақтандырылушының) жасына және жүргізу өтіліне байланысты коэфициенттерге базалық сақтандыру сыйлықақысын (1,9 АЕК) көбейту арқылы айқындалады және осының барлығы, соңғы 12 ай ішінде болған сақтандыру жағдайларының санына байланысты Бонус-Малус жүйесінің коэфициентіне көбейтіледі.

Көлік құралдарының иелері – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер Кешенді сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейді.

Егер көлік құралын жоғарыда аталған адамдардан басқа иелері де пайдаланатын болса, онда Сақтандыру шарты жеңілдіктер берілмей-ақ жасалады.

Егер, Сіз үшін міндетті сақтандыру бойынша лимит жеткіліксіз болса, біз Сізбен жауапкершіліктің көлемді лимиттері көзделген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасай аламыз.

Өтініш-Сауалнамаға қоса тіркелетін ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІ:

1. жеке куәлік;

2. СТН немесе ИНН;

3. үй кітапшасы;

4. жүргізуші куәлігі;

5. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (техникалық төлқұжаты) немесе Көлік құралын уақытша тіркеу туралы куәлік;

6. отбасылық жағдайын растайтын құжат (неке /ажырасу туралы куәлік, отбасы жағдайы туралы анықтама);

7. жеңілдікке құқығын растайтын құжат (бар болса).

 
spacer

МРП   Online Online

© 2004 - 2012, JSC "CENTRAS INSURANCE"
Shevchenko str., 157-B, Almaty, 050008, Kazakhstan
Phones: +7 (727) 2 600 602; Fax: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU