Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Branches


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Құрылыс-монтаждау тәуекелдері

clip

Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандыру

Құрылыс объектілерін тұрғызу бойынша құрылыс-монтажды және басқа да жұмыстарды жүзеге асыру кезінде туындаған күтпеген шығыстар мен залалдарға, сондай-ақ зиянды өтеуге байланысты Сақтанушының мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.

Құрылыс-монтажды жұмыстарды жүзеге асыруына орай тәуекелдер туындайтын кез-келген жеке және заңды тұлғалар:.

  • тапсырыс берушілер;
  • мердігерлер, қосалқы мердігерлер;
  • жобалау ұйымдары Шарт бойынша Сақтанушы бола алады

Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандыру екі түрлі бөлім бойынша жүзеге асырылады:

  • 1-бөлім – Материалдық залал
  • 2-бөлім – Үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілік

Бірінші бөлім бойынша құрылыс объектілері, қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары, құрылыс машиналары, тетіктері мен құрал-жабдықтары, басқа да бұйымдар сақтандыруға жатады.

Екінші бөлім бойынша дәл құрылыс алаңында немесе оның маңайында құрылыс-монтажды, монтажды, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде және техникалық қызмет көрсету кезеңінде үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін немесе олардың мүлкіне тигізген материалдық залал үшін сақтанушының олардың алдындағы жауапкершілігі сақтандыруға жатады.

Сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтандырылған аумақты тазарту шығыстары қосымша сақтандырылуы мүмкін.

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және келісім-шарт (мердігерлік шарт) бойынша жұмыстың бағасына; машина мен құрал-жабдықтардың баланстық құнына; барынша болуы мүмкін залал есебімен іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығыстарға; материалдар мен құрылыс объектілеріне жататын мүлікті сатып алу құнына және т.б. қарай қалыптасады.

Сақтандырудың бұл түрі бойынша базалық тарифтік мөлшерлемелер сақтандыру сомасының 0,3%-нан бастап 3,4%-н құрайды.

 
spacer

МРП   Online Online

© 2004 - 2012, JSC "CENTRAS INSURANCE"
Shevchenko str., 157-B, Almaty, 050008, Kazakhstan
Phones: +7 (727) 2 600 602; Fax: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU