Бейбит ТУРЫСБЕКОВ - Басқарма Төрағасы
Бейбіт Компания басқармасының Төрағасы болып табылады және Компанияға жалпылама басшылық етеді. Компанияны дамытудың стратегиялық бағдарын айқындайды, Басқарма мен Операциялық департаменттің қызметіне басшылық етеді.
Бейбіт Әбдіманапұлы 2004 жылдан бастап «Сентрас Капитал» холдингінде Басқарушы директор қызметін атқарды, сондай-ақ «Сентрас Секьюритиз» АҚ мен «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Оның атқарушылық дағдылары - қаржы менеджменті, стратегиялық жоспарлау, банктегі келіссмөздер, есепке алу жүйесін дамыту, өнімділік, командалық озаттыық, запастар мен шығасыларды қадағалау Бейбіт «Сентрасқа» дейін «Казкоммерц-Секьюритиз» АҚ-нда Қаржы Директоры басқарушы лауазымын атқарды. Қызметін 1995 жылы ҚР Ұлттық Банкінде бухгалтер ретінде жұмыс істеуден бастаған. Онда Қазақстанның Банктеріне МСФО стандарттарын ендіруші команданың мүшесі болды. Екі жылдан кейін «Казкоммерцбанк» АҚ Есеп және Әдістеме департаментіне басшылық етіп, нормативтік актілердің есептілігі мен дамуына жауапты бола отырып, «EQUATION» бағдарламасымен жабдықтауды ендіруді қолға алды. Қазақстан Мемлекеттік Менджмент Академиясында білім алды. Қаржылық қадағалау агенттігінің бірінші, екінші және үшінші санаттағы біліктілік сертификатын алған.
Марина ЧЕБОТАРЕВА -Бас бухгалтер, Басқврма мүшесі
Марина компанияның Бухгалтерлік есеп және талдау департаментіне, әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелеріне басшылық етеді.
«Сентрас Иншурансқа» дейін Марина 2005 жылдан бастап «Альянс Полис» СК» АҚ-да Бас бухгалтер лауазымын атқарды. Оған дейін 1997 жылдан бастап Марина «Альянс Полис» СК» ЖАҚ, «Тұмар» СК» ЖАҚ, «Алматы Бройлер» ААҚ, «МОСТ» Компаниясы» ЖШС, «Тенгри» СГ» ЖАҚ, секілді компанияларда бас бухгалтер болып жұмыс істеді. Еңбек жолы 1993 жылдан басталады. Kimep-IETC, СБАХК, АРЖ, ҚР Ұлттық Банкінің сертификаттарын иеленген.

Гүлнар САДЫБЕКОВА - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Гүлнар Сақтандыру Компаниясының басқарушы директоры болумен қатар, ішкі құжаттарды (ережелер, нұсқаулықтар және т.б.), сақтандыру ережелері мен бағдарламаларын әзірлеу, сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару, жарнама және маркетинг, сондай-ақ, агенттермен жұмыс істеу функцияларын жүзеге асыратын Бизнесті дамыту департаментіне басшылық етеді.
«Сентрас Иншурансқа» келгенге дейін Гүлнар «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясында жұмыс істеген. Ал оған дейін, 7 жыл бойы (1997 жылы құрылған күннен бастап), «Казкоммерц-полис» сақтандыру компаниясында жұмыс істеген. Сақтандыру департаментінде жетекші маман болып жұмыс істеуден бастаған Гүлнар, Бизнесті дамыту департаментінің директоры лауазымына көтерілген. Гүлнар клиенттермен сақтандыру шарттарын жасау және оларды тіркеу, сақтандыру ережелері мен өзге де сақтандыру құжаттарын әзірлеу, әр түрлі сақтандыру жобаларын дайындау және оларды іске асыру қызметімен айналысқан.
Дайма МУСИНА - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Дайма Наурызқызы Сақтандыру Компаниясының Басқарушы директоры ретінде автомобиль көлігін, жабдықтарды, жүктерді, әуе және мұнай тәуекелдерін, сақтандыру кеден брокерлерінің, тасымалдаушылар мен экспедиторлардың жауапкершілігін, сондай-ақ өзге де тәуекелдерді сақтандыру бағытын басқарады.
«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясына келмес бұрын, 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясының Сату департаментін басқартты.
Оған дейін, «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясының Жүктерді сақтандыру бөліміне шақырту арқылы келіп жұмыс істеген Дайма, кейіннен Жеке тұлғаларды сақтандыру бөлімшесіне басшылық еткен. Дайма Наурызқызы сақтандыру саласындағы еңбек қызметін 1999 жылы сақтандыру жағдайларын тергеумен айналысатын «Кроуфорд-ГТГ» компаниясында бастаған.
Руслан ПОГОРЕЛОВ - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Руслан Сақтандыру компаниясының басқарушы директоры ретінде өз қызметін Компанияның жарнама-маркетинг қызметіне, қоғаммен байланысына жетекшілік етуден бастады. Қазіргі кезде Руслан Алматы қаласы бойынша Жекелеп сақтандыру департаменті мен Компанияның ақпараттық технологиялар басқармасының қызметін басқарады.
2005 жылдың қыркүйек айында «Сентрас Иншуранс» мамандарының қатарына қосылғанға дейін, Руслан 2004 жылы «Сентрас Секьюритиз» компаниясында жұмыс істеген. Бұл жерде пай инвестициялық қорларын дамыту, клиенттер үшін қаржыландыруды ұйымдастырумен айналысқан және БҚН жұмыс істеген. Руслан бұған дейін бірнеше жыл қатарынан Казкоммерцбанкте және Казкоммерц Секьюритиз компаниясында жұмыс істеді. Онда ККБ еурооблигациялар эмиссиясын ұйымдастыруға қатысып, қазақстан эмитенттеріне кредиттік рейтингтер беру жөніндегі жобаны басқарды. Сондай-ақ, оның еңбек тәжірибесі Центр Кредит Банкінде және Ernst & Young халықаралық аудиторлық компаниясында өткен. Руслан 1999 жылы «Өтпелі экономикадағы банк істері» мамандығы бойынша Рединг Университетінің (Англя) Магистратурасын ойдағыдай тәмамдаған. І санаттағы біліктілік куәлігіне ие.
Елена Тайтуголева - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Елена Басқарушы директор, Басқарма мүшесі болып табылады, Шығындарды реттеу департаментіне, Заң департаменті мен Кеңсе бөліміне басшылық етеді.
200 жылдан бастап қаржы нарығында жұмыс істеу барысында заңгер лауазымынан бастап Басқарушы директор, Басқарма мүшесіне дейін көтерілді. «Казахстан» МЕЖЗҚ, «Лондон Алматы Иншуранс Компани» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, «БТА Банкінің еншілес компаниясы «БТА Сақтандыру» АҚ, «БТА Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы «БТА Забота» АҚ, «БТА Банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы «БТА Өмір» АҚ секілді ірі компанияларда жұмыс істеді. Заң департаменті, Сақтандыру төлемдері департаменті, Қызметкерлер құрамын дамыту басқармасы, андеррайтинг, жеке сақтандыру бойынша тұрақты сату қызметі секілді құрылымдық бөлімшелерге басшылық етті.
Владимир КИМ - Басқарушы директор
Владимир Компанияда қаржы институттарымен жұмыс істеу және медициналық сақтандыруды дамыту жөніндегі қызметті басқарады
Владимир өзінің еңбек жолын 1991 жылы «Банк Центр Кредит» АҚ-да бастады. 1994 жылы «ABN AMRO Bank Kazakhstan» АҚ-на ауысып, 1997 жылдан бастап Бас портфель менеджері, кеіннен Басқарма Төрағасының міндеттерін орындаушы қызметін атқарды. 1998 жылдан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ-да жұмыс істей отырып, Корпоративтік қатынастар департаментін басқарды, содан кейін Аймақтық директор лауазымында қызмет істеді. 2006 жылдан бастап «Meridian Capital» АҚ-ның Басқарушы директоры болды. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Философиялық экономикалық факультетінде білім алып, «экономист» мамандығын алып шықты.
|